Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің біраз өңірін қалың тұман басып, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты 7 аймаққа дауылды ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Маңғыстау мен Атырау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетеді.

Дәл осындай жағдай Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады. «Ақмола облысының біраз бөлігінде тұман болады», - дейді синоптиктер. Соған сәйкес, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін.