Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, тұман түседі

Ел аумағына Қара теңізден циклон жақындап келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан жауын-шашын мол түседі. Найғазай ойнап, жел күшейеді. Атап айтсақ, Алматы, Қызылорда облысында қалың тұман бүркеп, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетеді. Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстанда да күн райы осыған ұқсас. Солтүстік және Батыс Қазақстан, Атырауда көктайғақ болса, Ақтөбеде жаяу бұрқасын жүреді. Маңғыстау, Ақмола, Павлодар өңірінде де қатты жел соғады.