Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанда екі циклон бірігеді.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Біздің еліміздің аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайды. Олардың келуімен барлық өңірлерде жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанады.