Еліміздің бірнеше өңірінде көктайғақ болып тұр

Елордада көктайғақ. Есік алды, аула іші, тіпті көшелерде де кісі аяғын алып жүруі мұң, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек Нұр-Сұлтан қаласында емес еліміздің бірнеше өңірінде күн бұзылып, қар аралас жаңбыр жауды. Соның әсерінен жер тайғақ. Төтенше жағдайлар комитеті Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне мейілінше сақ болуды ескертеді.

Қазіргі кезде елордада қоғамдық көлік қатынасы тоқтап тұр. Бізге мәлім болғаны, жолаушыларды тасымалдауға жауаптылар арнайы рұқсат күтіп отырған көрінеді.