Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқаруы мүмкін

Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Соған байланысты Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқаруы мүмкін.

«Түркияда күніне 50 мыңнан астам коронавирус жағдайы тіркеледі. Егер біздің елімізде тіркелетін күнделікті көрсеткішпен салыстыратын болсақ, бес жарым есе артық. Бүгін комиссия отырысында Түркиямен арадағы рейстер санын қысқарту туралы ұсыныстар жасалды», - деді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Ұсыныстар бүгінде қарастырылып жатыр.