Алматыдағы Арбатта демалыс күндері серуен құруға тыйым салынды

Алматыда демалыс күндері Арбат бойында серуендеуге тыйым салынды.

Қаласының бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес, саябақтар, скверлер, аллеялар мен бульварларда және басқа да демалыс орындарында жүруге шектеу қойылған.

«Жібек жолы даңғылында, Абылайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүруге болмайды» делінген құжатта.

Осы аумақта орналасқан тамақтану нысандары мен сауда жұмысы сенбі мен жексенбі күндері шектеледі. Жазғы алаңдарда таңғы жетіден кешкі онға дейін «ASHYQ» жобасының қатысушылары үшін рұқсат етіледі. Егер «ASHYQ» мобильдік қосымшасы болмаса, жұмысына тыйым салынады.