Елордада Достық көшесінің бір бөлігі жабылады

Нұр-Сұлтан қаласында 29 сәуірде Достық көшесінде жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты Достық көшесінің Мәңгілік ел даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, осы жылдың 29 сәуірінде Достық көшесінде жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты Достық көшесінің Мәңгілік ел даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады, сондай-ақ Ақмешіт көшесінен Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады. Жұмыстар сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жүргізіледі.