Алматы мен Самарқанд арасында халықаралық рейстер ашылады

8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер ашылады.

Рейстерді «Эйр Астана» (3,7 күндері) және Uzbekistan Airways (2,6 күндері) әуе компаниялары аптасына 4 рет А-320/321 әуе кемелерімен орындайды.

Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сонымен қатар биыл наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау – Үргеніш бағытында жаңа халықаралық рейс іске қосылды. Ол рейстерді SCAT және Uzbekistan Airways әуе компаниялары орындайды.

Жалпы қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Ташкент және Ақтау – Үргенш бағыттарында 24 тұрақты рейс орындалады.