Еліміздің екі өңірінде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі

Бүгін еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі деп болжайды. Сондықтан аталған өңірлерде өрт қаупі сақталып отыр. Сондай-ақ Қостанай аймағында ауа температурасы 37 градусқа дейін жоғарылайды. Ал Жамбыл, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда бүгін сынап бағанасы 30 градус шамасында болады.

Сондай-ақ...