Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: найзағай, бұршақ, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17...22, күндіз 30...38 жылы, солтүстікте түнде 7...18, күндіз 20...35 жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 7...18, күндіз 22...35 жылы, оңтүстікте түнде 15...23, күндіз 32...40 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 13...22, күндіз 27...37 жылы.