Алматы-Ташкент-Термез жолында қозғалыс шектелді

Байзақ ауданының Жаңатұрмыс ауылында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінің өртенуіне байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 476 шақырымында қозғалыс шектелген.

Әскери бөлім Тараз-Алматы бағыты бойынша теміржол бойының оң жағында, оңтүстік жақтан шамамен 250-300 метр қашықтықта орналасқан. Тасжол бойында «Тау Дос» және «Отырар» қызмет көрсету нысандары орналасқан.

Қазіргі уақытта қозғалыс автокөліктің барлық түрлері үшін Тараз қаласы жағынан 505 км және Ақшолақ кенті жағынан 474 км (Жібек жолына бұрылыс) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолы арқылы жүзеге асырылуда.

Тұрғындар эвакуацияланып жатыр