Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдер тізімі жаңарды

Еліміздің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың тағы бір қаулысы жарияланды. Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жаңартылды.

Құжатта Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының екпе төлқұжаттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.

«Осы қаулымен бірге құжаттардың үлгілеріне сәйкес Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары /сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын» делінген құжатта.

Еске салсақ, Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілген болатын.