Елімізде қыркүйек айында ауа райы қандай болды

Қыркүйек айының басында, суық арктикалық массалардың енуімен, солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендеп, +15 +22°С аралығында болды.

Бірақ 3 қыркүйек күні Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының шығарылуымен және антициклональды ауа райының қалыптасуымен, жаздай ыстық ауа райы байқалды, ауа температурасы +25 +36°С дейін жылынды.

Қазақстанда алғашқы аяз 19-28 қыркүйек аралығында, еліміздің батыс, солтүстік, орталық, шығыс, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында байқалды, ауа температурасы түнгі уақытта 2-9°С дейін төмендеді.

Республиканың солтүстік жартысында, бірінші онкүндіктің соңында, көбіне екінші онкүндікте және айдың соңында, Солтүстік циклондар және олармен байланысты фронтальді бөлімдер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтады: жаңбыр жауып, 15-18 мм-ге дейін қатты жауын-шашын байқалды (28 қыркүйекте Қостанай облысының Железнодорожный метеостанциясы мен Тобыл метеостанциясында 18 мм жауын-шашын тіркелді), жел 15-28 м/с екпінге дейін күшейе түсті. Ал қыркүйек айының соңында, түнгі сағаттарда жаңбырдың қарға ауысуы байқалды.

Қазақстанның оңтүстік жартысында жоғары қысымды аймақтың ықпалы басым – жекелеген күндері аздаған жауын-шашын тіркелді. Республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен бірқалыпты жаңбыр жауып, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар аралас жаңбыр байқалды. Сондай-ақ жел 15-29 м/с дейін күшейді. Бұл көрінудің 100-1000 м дейін нашарлауы мен шаңды дауылға себеп болды. Нұр-Сұлтан қаласында температуралық режим бойынша рекордтар байқалмады: елордадағы ең төменгі ауа температурасы 22 қыркүйекте тіркелді және -2, 4°С құрады, ең жоғары ауа температурасы 4 қыркүйекте байқалды және +29,0°С құрады.