Жауын, көктайғақ, тұман: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 12 қазанда Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: түнде 12 қазанда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыска ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: таңертең және күндіз 12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Атырау облысының оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.