Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі.

13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бөлімдер айқындайтын болады. Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жыра республиканың барлық өңірлерін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз-3 жылу, күндіз 3 аяз–10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз-7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады.