Бұрқасын, тұман, көктайғақ: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады.

Күндіз 19 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Петропавл қ: күндіз 19 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 19 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында түнде және таңертең 19 қарашада тұман күтіледі.

19 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

19 қарашада таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік- шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 19 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 19 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 19 қараша көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.