Алдағы күндері аяз әлсірейді

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

20-21 қарашада солтүстік-батыс суық антициклон, республиканың шығыс жартысына әсерін сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар елдің батыс жартысы ауа райының тұрақсыз сипаты, күтілетін Атлантикалық циклонның әсерінде болады. 22 қарашада батыстан шығысқа қарай жылжып, Атлантикалық циклонның шұңқыры елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты жауын-шашын, қар, көктайғақ, екпінді жел түрінде, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

Батыста ауа температурасының негізгі фоны түнде 2 аяз–5 жылу, күндіз 0-10 жылу.  Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-16-дан 0-9-ға дейін аяз, күндіз 0-9-ға дейін аяз, республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-28-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5-15-тен 5-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-15-тен 5-ке дейін аяз, күндіз 0-10-нан 5-15-ке дейін жылу болжанады.

Сондай-ақ...