Маржан рифтерінің барлығы түсін жоғалтуы мүмкін – Ғалымдар

Жер бетіндегі орташа температураның артуы 1,5 градустық межеден асып кетсе, маржан рифтерінің барлығы дерлік түссізденеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу жүргізген халықаралық ғалымдар тобы осылай дейді. Жаһандық жылыну әсіресе маржанды рифтерге қатты әсер етеді екен. Мұхит суының температурасы ұзақ уақыт жоғары болса, олар түсін жоғалта бастайды. Кейіннен мұның бәрі құрылымдардың жойылып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Маржанды рифтер – су жануарларының тіршілік ортасы әрі қорек көзі. Олар дауыл кезінде жағалауды қорғайтын табиғи тосқауыл қызметін де атқарады.