Қазақстанда ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылдың 8-10 ақпанына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кезеңнің басында Қазақстан аумағының басым бөлігі Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклон жырасының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібірдің аудандарынан антициклон ауысады, онымен жауын-шашынның тоқтауы және температураның төмендеуі болжанады.

Солтүстік өңірлерде түнгі сағаттарда 15...28 градусқа дейін аяз, орталық өңірлерде 15...25 градус, Қазақстанның шығысында 15...30 градус аяз күтіледі.