Қазақстанда 26 градус аяз күтіледі

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 24-26 ақпанына арналған ауа райы болжамы.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстік жартысы фронтальді бөлімдердің ықпалында қалады — жауын-шашын (көбіне қар түрінде), төмен бұрқасын, 15-23 м/с дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады.