Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының биік болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алаптарында 9-13 cәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 9-11 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: күндіз 09, 11 сәуірде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында түнде шаңды дауыл, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде екпіні 16 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: түнде 09 сәуірде тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.