Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 28-30 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады, ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – найзағаймен жаңбыр жауады, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болады деп күтілуде. Қазақстанның батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейеді.

Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температураның жоғарылауы күтіледі: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30-ға дейін, оңтүстігінде – 33, солтүстігінде – 23-28-ге дейін, орталығында-25-30-ға дейін.