Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

Былтыр елдегі инфляция 7 жарым процент деңгейінде болды.

Ұлттық Банк 2,3 трлн теңгеге дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырды. Жалпы ішкі өнімі 2,6 процентке қысқарған. Ал биыл мұнай бағасы бір баррель үшін 45 АҚШ доллары болған кезде жалпы ішкі өнім 3,7-4 процент деңгейінде болады деген болжам бар. Жалпы биыл әлемдік экономика біраз тұрақталады деген болжам бар. Алайда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ вакциналау процесінің жылдамдығы мен тиімділігіне байланысты салалар неғұрлым баяу қалпына келеді. Мұны Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады