Бюджет шығыстары 91 процентке атқарылған

Қаңтардағы көрсеткіш бойынша республикалық бюджеттен 1 трлн теңгеден астам шығыс жүргізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 65 млрд теңгесі әлі игерілмеген. Ал үнемдеу 7 млрд теңгені құрапты. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, төтенше жағдайлар, білім және ғылым , мәдениет пен спорт министрліктері бөлінген ірі соманы иегере алмаған. Оның себебі, төлем жөніндегі құжаттарды келісу мерзімі ұзап кеткен, орындалған жұмыс актілері дер кезінде тапсырылмаған, және қазынашылық органдарға тіркеу кеш ұсынылыпты. Жергілікті бюджет шығыстары 203 трлн теңге болса, 49 млрд теңге уақытында атқарылмаған. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында қаржыны игеру көрсеткіші төмен.