Қазақстанда «Ashyq» жобасына қосылған кәсіпкер саны артып барады

«Ашық» жобасы пандемия кезінде кәсіпкерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Қазір ел бойынша 130 бизнес нысаны аталған бастамаға қосылған.

Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында орналасқан. Мамандар «жаңа жүйе аз уақытта өз тиімділігін көрсетті» дейді. Яғни фитнес орталықтар, компьютерлік клуб секілді халық жиі баратын орындарға арнайы QR-код беріледі. Азаматтар мұндай нысанға кіру үшін сол кодты сканерлеп, коронавируспен ауырмағанын дәлелдеуі тиіс.

Ол үшін алдымен мобильді қосымшаны телефонға жүктеуі керек. Не болмаса қызметкер келушінің рұқсатымен жеке бас мәліметін базаға енгізе отырып, тексереді. Қазірдің өзінде осы тәсілді мыңнан аса адам қолданған.

Айта кетейік, жобаны отандық ай-ти мамандар жасады.