Нидерланд инвесторлары Қазақстанға 200 млн доллар қаржы құяды

Оралда жаңа жылыжай салынатын болды. Нидерландық инвесторлар ол үшін 35 млн доллар қаржы құюға дайын отыр.

Бұл туралы қазақ-нидерланд кәсіпкерлерінің форумында белгілі болды. Тараптар ұзын-ырғасы 6 меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Барлығы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған. Кәрі құрлық елінен келген инвесторлар осы жобаларды жүзеге асыру үшін бас-аяғы 200 млн доллар ақша бөлмек.

Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Тараптар 6 құжатқа қол қояды. Ең ірі жоба деп Оралда салынатын жылыжайды айтсақ болады. Одан бөлек, Ақтөбе облысында орналасқан жылыжайды кеңейткелі жатырмыз. Сосын Түркістан облысында оқу орталығын ашамыз.