Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен БАӘ меморандумға қол қойды

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Біріккен Араб Әмірліктері өзара түсініністік туралы меморандумға қол қойды.

Салтанатты шара осы елдің Азық-түлік және су министрі Марьям Аль Мүхейридің Нұр-Сұлтанға сапары барысында ұйымның Бас директоры Ерлан Байдәулетпен болған кездесуде жүзеге асырылды. Меморандумның мақсаты Ислам ынтымақтастық ұйымы елдеріндегі ауыл шаруашылығын қолдау. Және осы ұйымның стратегиялық бағдарламаларын іске асыру арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Айта кетейік, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы бұл Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Бұл халықаралық құрылымды құру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған. Биыл бастамаға 10 жыл толады.

Марьям Аль Мүхейри, БАӘ Мемлекеттік азық-түлік және су қауіпсіздігі министрі:

- Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы барлық салада көп жылдан бері тығыз ынтымақтастық орнаған. Әсіресе Азық-түлік қауіпсіздігі саласында. Коронавирус індеті барлық мемлекет көп зардап шегіп, азық-түлік қауіпсіздігі басты мәселеге айналды. Сондықтан дағдарысты еңсеру үшін осы құжат шеңберінде түрлі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы бас директоры:

- Бүгінгі біздің меморандумға қол қойған мәселелердің үшеуінің мәселесі енді бірінші ол Азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және басқару мәселесі. Осы мәселеде Қазақстанға жақсы ұсыныстар берілді. Осы ұйым арқылы біз Қазақстанға өте пайдалы жұмыстар болады деп отырмыз.