Қытайдағы бас санитардың қаулысы Қазақстанның ет нарығын шығынға ұшыратты

Отандық ет өндірушілер Қытай нарығына өнім жеткізе алмай шығынға батып отыр.

«Мұның басты себебі пандемия» дейді «Қазақстан ет одағының» Бас директоры.

Айтуынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елімізден импортқа тыйым салынған. Қазақстан тарапы ет өңдеу зауыттарындағы жұмысшыларды вакциналау мен тестілеуді ұсынғанымен мәселе әлі де шешілер емес. 

Мақсұт Бақтыбаев, «Қазақстан ет одағының» Бас директоры:

- Етке сұраныс бар. Алайда Қытайға экспорт тоқтап тұр. Тіпті үлкен ықпалға ие қытайлық ірі компаниялар да мәселені шешудің амалын таппай жүр. Ол тікелей Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен байланысты. Көптеген отандық өндірушілер шығынға батты.