Металл өндірісі тығырыққа тірелді

Экспорттық кедендік баж салығын енгізу елдегі металл өндірісін тұралады. «Атамекен» ұлттық палатасының басқарма төрағасы Талғат Темірханов осылай дейді.

Қазір Үкімет шетке шығаратын қара және түсті металға салық салуды жоспарлап отыр. Жауаптылардың пайымынша, осы арқылы сыртқы қысымды азайтып, бағаны реттеуге болады. Сондай-ақ ішкі нарықтағы қаржынің бір бөлігі бюджетке түседі. Алайда маманның сөзінше, қазіргі жағдайда бұл ел үшін тиімсіз. Бүтін бір саланың инвестициялық тартымдылығы әлсіреуі мүмкін. Оның айтуынша, жергілікті нарықта металға деген сұраныс онсыз да төмен. Кәсіпкерлер өнімін сыртқа сатудан қалса, өндіріс көлемі азайып, несиені төлеу қабілеті төмендейді. Жаңа экологиялық кодекстің қабылдауынан кәсіп иелерінің біразы бүгінде қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде. Оған жуырда Еуропада  енгізілетін  көміртек салығын қосыңыз. Сондықтан экспорттық кедендік баж салығы жығылған үстіне жұдырық болып тұр. Айта кетейік, Ресейде де метал экспорты қатаңдатылды. Дегенмен көрші елде шикізаттың бұл түріне сұраныс екі есе жоғары екенін ескерген жөн, дейді маман.

Сондай-ақ...