Инфляция деңгейін 8,5% асырмау керек – Президент

Үкімет пен Ұлттық банк елдегі инфляцияны 8 жарым процент деңгейінде сақтап қалуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өткен жиында халықты алаңдатқан ең маңызды мәселе - азық-түлік қымбатшылығын көтерді. Бұл түйткіл кезек күттірмей шешілуге тиіс. Биыл бірқатар өнім бағасы 10,4 процентке дейін өсті. 9 айда инфляция 9 процентті құрады. Мемлекет басшысы проблеманың алдын алып, кінәлілерді анықтау үшін алыпсатарлық жолдарды жоюды тапсырған. Алайда сол мақсатта құрылған комиссия жұмысы әлі күнге көрінер емес. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне істі тексеріп, алдағы 1 апта ішінде баяндауды міндеттеді.