Павлодарға 2025 жылға дейін 186 инвестициялық жоба тартылады

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді.

Өңір басшысының айтуынша, аймақтағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 60%-тен артқан. Қазір республика бойынша шикізаттық емес өндіріс көлемі жағынан үшінші орынға шықты. Сонымен қатар кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларына қатысты екінші деңгейлі банктермен әріптестік орнатқан. Сондай-ақ әкім бизнестегі әйелдерге арналған кепілсіз несиелеу желісінің, іске қосылғанын айтты. Аймақтың денсаулық сақтау саласындағы жаңа нысандар саны артқан. 2024 жылға дейін 12 денсаулық сақтау нысан пайдалануға берілмек.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

- Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың барлық басқа бағыттары біз үшін бірдей маңызды. Павлодардың жаңа шағын ауданында көп салалы аурухана салуды, сондай-ақ өңірде тағы үш ауылдық медициналық мекемелер құрылысын жоспарлап отырмыз. Осылайша медициналық ұйымдар өңір тұрғындарының 90%-тен астамы үшін қадамдық қолжетімділікте болады.