Елімізде баламалы қуат көздерін дамыту артпақ

Алдағы төрт жылда жасыл экономика көздерінің 60-тан астам жаңа жобасын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Құйылатын инвестиция көлемі 2,5 млрд доллардан асады. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында белгілі болды. Асқар Мамин еліміз СОР26 шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындайтынын атап өтті. Қазақстан баламалы энергетиканы дамыту саласына шетелдік капитал мен озық технологияларды тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде бірқатар шара қабылдады. Мұндай келісімдердің нәтижесінде 2030 жылға қарай баламалы қуат көздерінен алынатын энергия көлемі 5 есеге артады.