Сұйытылған газды электронды сауда мен биржада сату бір жылға шегерілді

Егемен Қазақстан

Сұйытылған газдың құны өткен жылдың соңындағы баға деңгейінен аспауы тиіс. Яғни көгілдір отынның құны 180 күн бойы реттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал сұйытылған газды электронды сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуге толық көшу бір жылға шегеріледі. Бас прокуратура мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізіп, 20 күн ішінде есеп беруге тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте осындай тапсырма берді. Президент елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық құрылысы өзгермейтінін айтты. Яғни унитарлық, заң үстемдігі, жеке меншік құқығын құрметтеу және нарықтық экономика мемлекеттік саясатымыздың басты қағидаттары болып қала береді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті