Әлихан Смайылов Премьер-министрдің міндетін уақытша атқарады

Inform.kz

Конституцияның 70-бабына сәйкес Үкімет отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті Жарлыққа Президент қол қойды. Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді.

Атап өтейік, жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті