ҚР Үкіметі: жанармайға үстеме баға шектеледі 

Жанар-жағармайға акциз мөлшерлемесі қайта қаралып, үстеме баға қосылмайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шара сатушылардың қосымша табыстарын бюджетке түсіруге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында қаржы министрі осылай деді. Сондай-ақ министр Президент өткір сынаған Самұрық қазынаның мемлекеттік сатып алуларына қатысты шара қабылданғанын жеткізді. Енді қор мен оның еншілес компанияларының сатып алу рәсімдемелері бір құжат негізінде қаралады. Ал бір көзден сатып алуды қысқарту үшін заңға түзетулер енгізілді.