Шетелдік инвесторларға барлық жағдай жасалады

Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін ахуал жақсара түседі.

Осы мақсатта әкімшілік-құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған өзгерістер енгізген жөн. Елдің Сыртқы істер министрі осындай ұсыныс айтты.

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов Сыртқы істер, Ішкі істер және Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлерімен, үкіметтің 2022 жылға арналған бағдарламасын әзірлеу барысын талқылады. Ішкі істер министрі полицейлердің құқықтық қорғалуын және инфрақұрылым нысандарын, материалдық-техникалық базасын қалыптастыру қажеттігін айтып, модульдік стационарлық бекеттер мен учаскелік полиция бекеттерін салуды көздейтінін жеткізді. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ішкі нарыққа импортты алмастыру, тұрғын үй құрылысы саласын жетілдіру бойынша реформалар жүргізбек.