Әлемнің ауқаттылары Британияның «алтын визасынан» қағылатын болды

Әлемнің ауқаттылары Ұлыбританияның «алтын визасынан» қағылатын болды.

Жергілікті билік аталған бағдарламаны бір аптаның ішінде жоюды жоспарлап отыр. Оған Ресей мен Украина арасындағы текетірес себеп.

Ұлыбритания билігі «алтын визаны» бай-бағландар заңсыз жиған қаржысын жасыруға пайдалануы мүмкін» деп күдіктеніп отыр. Алтын картаның тәрбіті бойынша елге кемінде 2 млн фунт стерлинг құйған инвестор, бұл шамамен 1 млрд теңгеден астам қаржы, Ұлыбританияда 3 жыл тұру құқығына ие болады. Кейін оны тағы екі жылға ұзарта алатын.

Tribune India басылымының дерегіне сүйенсек, кейінгі он жылда визаны әлемнің бірқатар елінің дәулетті азаматы алған.