KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционында өтті

Жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады.

Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды.