Кімдердің жалақысы өседі?

Бюджет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жатқан 1 миллионнан астам өндірістік қызметкердің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттен қолдау алатын кәсіпорындардағы 2,8 миллион азаматтың да еңбекақысын өсіру көзделген. Ал екі қолға бір күрек таппай жүргендер үшін 2 миллион жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жоспар экономиканың түрлі саласындағы инвестициялық жобалардың арқасында орындалмақ.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Өндіріс саласында 950 мың, инфрақұрылымда 583 мың, ауыл шаруашылығында 458 мың, туристік салада 59 мың. Қазіргі нақты мүмкіндік. Оның бәрі ұлттық бағдарламаларда көрсетілген. Нақты жобалар. Бұлардың бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар.