Қазақстан әлеуметтік аудит жүргізуді талқылау бастамасын көтерді

ЭКОСАИ экономикалық ынтымақтастық ұйымының 9-Ассамблеясы өтіп, халықаралық қауымдастықтың күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер талқыланды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың айтуынша, әлеуметтанушылар жүргізіп жатқан аудиттен тыс, өзге механизмдерді ойлап тауып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шара қабылдауға болады. Мәселен, денсаулық сақтау, білім беру саласының деңгейі, таза ауыз сумен қамту сынды өткір сауалдар қою арқылы әлеуметтік аудит жүргізудің тәсілін ойлап табу қажет. Әзірге бұндай аудит өткізу мәселесі тек ЭКОСАИ-ға мүше 11 мемлекеттің арасында қаузалып отыр. Бұл экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары қаржылық бақылау органдарының ұйымы. Айта кету керек, Қазақстан бұл ұйымға соңғы 3 жыл бойы төрағалық етіп келеді. Жыл бойы төрағалық етіп келеді.

Наталья Годунова, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы:

- Қазір біз тек бастама көтеріп отырмыз. Бірнеше айдың ішінде барлық елмен түрлі тәсілді қарастырамыз. Кейін жұмыс тобын құрып, әлеуметтік аудит жүргізудің методологиясын жасауды талқылайтын боламыз. Бұдан бөлек біз төрағалық еткен кезеңде IT-аудит бойынша семинарлар өткіздік. Қазір әлемнің көптеген елдері түрлі цифрлық жүйелерді пайдаланып, аудит жүргізіп жатыр. Қазақстан осы бағытта келе жатқандықтан бұл жаңашылдықы басты назарда ұстаймыз.