«Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің финалына бір күн қалды

Ертең Қазақстанның атынан балалар «Еуровидениесінде» өнер көрсететін жас орындаушының есімі белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық іріктеу жеңімпазы кешкі жетіде «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде анықталады. Ұлттық іріктеу финалына ең дарынды 10 орындаушы өтті. Осы сенбі күні олар еліміздің танымал композиторларының өздері үшін арнайы жазған авторлық әндерін орындайды. Үздігін қазылар алқасы мен қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ал жеңімпаз біздің елімізді 19 желтоқсанда Парижде таныстырады. «Хабар» агенттігі 2016 жылдан бастап Еуропалық хабар тарату одағына мүше. Қазақстан бұл байқауға төртінші рет қатысып отыр.