Қазақстандықтарға кең танымал «Рух», «Жігер», «Елім деп соққан жүрегім» әндері мен «Абырой» тобының патриоттық туындылары елордадағы ЭКСПО алаңында шырқалды.
Биыл жыл басынан отандық сот орындаушылары мемлекет пайдасына 57 млрд теңге өндірді. Бұл туралы Әділет министрлігі қоғамдық кеңесінің қорытынды отырысында айтылды.
Жетісу облысы дәндік жүгері, майбұршақ және қант қызылшасын өсіру бойынша республикада алдыңғы орында. Аймақ шаруалары биыл екі миллион тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімін өндірді.
«Ембімұнайгаз» компаниясы биылдан бастап «Батыс Қарасор» кен орнын игеруді бастап, өндірілетін мұнай көлемін тағы 65 мың тоннаға арттырмақ. Ал «Батыс Прорва» кен орнында жылына 100…
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында биыл үш жылу қазандығы жөндеуден өтті. Жылу жүйесінде жиі апат болатын. Жаңа Бұқтырма кентінде қысымды көтеретін станция салынды.
Бүгін қазақ елі Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды. Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне мыңдаған…
Алдағы жылдары Маңғыстау облысына 10 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Осы арқылы 55 жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Шығыс Қазақстан облысында Аяз ата Ақшақарлардың халықаралық фестивалі өтті. Елдің әр өңірінен және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар жаңа жылдық киіммен Алтай тауының баурайында шаңғы…
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің сүйектері елге қайтарылды. Бүгін Қазақстан республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында майдан даласында шейіт болған сарбаздардың сүйектері туған-туыстарына…
Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігі…
Биыл Қарағанды облысындағы колледждерде техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша оқуға түскен жастар саны 60 пайызға артты. Әсіресе көлік жасау, цифрлық техниканы басқару, электр жабдықтарын жөндеу…
Елде Қазақстан-Қытай кәсіби колледжі құрылады. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеуге маманданған «KidsGo Technology Ltd» технологиялық компаниясымен әріптестік басталды.
2025 жылдың 9 айында 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау облысы 3-орында.