Иран украиналық ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына $30 млн бөлді

Иран украиналық ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 150 мың доллардан беру үшін бюджеттен 30 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы парсы елінің президенті Хасан Рухани мәлімдеді. Ол өтемақыны ешкімнің ұлтына қарамай төлейтінін ашық айтты. Иранның Қарулы күштері бір жыл бұрын Тегераннан Киевке бет алған ұшақты атып түсіріп, барлық 176 адам қаза тапқан болатын. Әскерилер жолаушылар ұшағын зымыранмен шатастырып алған. Одан бұрын америкалық дрон Бағдатта, ирандық генерал Қасем Солеймани мінген ұшақты атқылап, оның көзін жойған еді. Осыған қарымта ретінде парсы елінің әскері Ирактағы АҚШ-тың әскери базасын зымыранмен атқылаған.

Хасан Рухани, Иран президенті:

– Бұл өте қиын жағдай болды. Ұшақ апатына байланысты сот әділ өтеді деп сенеміз. Мейлі қателессе де, ешкімге аяушылық жасалмайды. Құрбандардың отбасына өтемақы төлеу сот ісіне еш әсер етпейді.

Сондай-ақ...