Конгода қайық аударылып, ондаған адам суға батып кетті

Демократиялық Конго Республикасының шығысында жолаушыларды апара жатқан қайық аударылып, 3 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 40-тан аса кісі із-түзсіз жоғалып кетті. 56 жолаушы құтқарылды. Оқиға Калехе провинциясындағы Киву көлінде болды. Қайық иесінің айтуынша, апатқа кенеттен жауған жаңбыр мен жел себеп. Өйткені желден көлде қатты толқын тұрып, қайықты аударып тастаған. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, оқиға кезінде қайықта жүзден астам адам болған.

Сондай-ақ...