Колумбияда бір отбасының бес мүшесі тірідей жанып кетті

Колумбияда 3 үй өртеніп, 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 4 тұрғын жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша құрбандардың бесеуі – бір отбасының мүшелері. Тілсіз жаудың шығу себебі әзірге белгісіз. Бірақ төтенше оқиға болған аудандағы электр желісі әбден ескірген деген ақпарат бар. Құзырлы органдар тергеу амалдарын бастады. Өрт сөндірушілерді көршілер шақырған.

Александер Ринкон, жергілікті тұрғын:

– Басында ештеңе түсінбедік. Үйге ұры түсіп жатыр деп ойладық. Сосын көрші қабырғаның ыси бастағанын сездім. Сосын бірінші балалар еске түсті. Есікті ашқаныммен, жолды таба алмай қалдым. Есіміз шығып кетті.