Қырғызстанда президенттік сайлау аяқталды

Елдің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ақпарға сәйкес, оған сайлаушылардың 33 проценті қатысқан.

Электронды жәшіктерге жүргізілген санақ бойынша Садыр Жапаров көш бастап келеді. Ол шамамен 80 процент дауыс жинаған.

Айта кетейік, кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың қорытындысы қолмен жүргізілген санақтан кейін жарияланады. Жалпы қырғыз жерінде бүгін президенттік сайлаудан бөлек мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты референдум да өтті. Сайлаушылардың 80 процентінен астамы басқарудың президенттік үлгісін таңдаған. Енді Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 14-іне дейін референдум қорытындысын жариялауға тиіс.