Оңтүстік Кореяда жануардың тілін иесіне аударатын қарғыбау пайда болды

Енді адамдарға иттің нені қалайтынын түсіну оңай болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Кореяда жануардың тілін иесіне аударатын қарғыбау пайда болды. Бірегей құрал иттің көңіл-күйін дөп басып айтады екен. Ол үшін бауды салпанқұлаққа тағып, телефонға қажетті бағдарламаны орнату керек. Қарғыбау жасанды ақыл арқылы басқарылады. Онда иттің түрлі қыңсыл үні жиналған. Жергілікті ғалымдар 3 жыл бойы 50 иттің түрлі дыбысын зерттеген екен. Қарғыбаудың құны – 99 доллар.

Эндрю Джил, Petrus Lab комапниясының маркетинг жөніндегі директоры:

- Ит қыңсылап үрген кезде дыбыс қарғы арқылы біздің серверге беріледі. Онда жануардың дыбысын анықтайтын жүйе бар. Ол иттің қыңсылын бірден аударып, иесінің телефонына жібереді. Осылайша, иесі итінің қандай күйде не қалап тұрғанын біле алады.