Microsoft адамға вакцина салынғаны туралы тіркейтін жүйе құрады

АҚШ-та «Майкрософт», «Оракл» бірлестігі бастаған бірқатар компания адамдардың дертке қарсы егілгенін тіркейтін жаңа цифрлық жүйе құруды бастады.

Бірнеше компания бірлесіп қолға алған жоба «Вакциналауды тексеру бойынша бастама» деп аталады. Мақсат - азаматтардың өзінің егілгені жайлы ақпаратты жедел алуға жағдай жасау. Жаңа жүйеге сәйкес мәліметтер электронды әмиянда сақталады. Ал смартфондары жоқ адамдар мәліметтерді QR коды бойынша ала алады.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі жүйе ақпаратты алу, қорғау және қолдану тұрғысынан аса ыңғайлы емес.

Джон Галамка, Mayo Clinic Platform президенті:

- Жалпы алғанда жаңа жүйе былай жұмыс істейтін болады. Сіз коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң егілгеніңіз жайлы жазба әр штаттың денсаулық сақтау департаментіне жолданады. Содан кейін оны смартфондағы арнайы қосымша арқылы кез келген жағдайда қолдана аласыз.

Сондай-ақ...