ДДСҰ әлем елдерін вакцинаны әділ бөлуге шақырып отыр

Коронавирусқа қарсы вакцина барлық елге теңдей бөлініп жатқан жоқ.

Мәселен, кедей елдерге екпе жетпей отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Бұл әлемдегі теңсіздікті одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін. Барлық мемлекеттер вакцинаны тең бөлу қағидатын қолдағанымен, кезектен тыс өту үшін кейбір елдер мен компаниялар екіжақты келісімдер жасауды жалғастырып жүр.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Алғашқы вакциналар жеткізіле бастағаннан бері оның әділ бөлінетінінен үмітіміз сейіле басталды. Қазіргі кезде табысы жоғары 49 мемлекетке вакцинаның 39 миллионнан аса данасы жеткізілді. Ал табысы ең төмен бір елге 25 дана әкелінді. 25 миллион да емес, 25 мың да емес, тек 25 дана ғана. Тура айтайын, әлем адамгершілік жағынан масқара болуға бір қадам тұр.

Сондай-ақ...