Johnson & Johnson вакцинасы 66% тиімділігін көрсетті

Америкалық Johnson & Johnson компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасының тиімділігі орта есеппен алғанда 66 процентті құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны осы екпенің үшінші сынағының нәтижесі көрсетті. Тәжірибеге 44 мың ерікті қатысты. Екпенің вируспен күрес бойынша көрсеткіші әр елде әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та 72 процент болса, оңтүстік Африкада 57 пайыз. Бірақ препарат дерттің ауыр түріне қарсы тиімділігі жоғары болып шықты. Оның деңгейі 85 процентті құрайды. Вакцинаның өзге екпелерден тағы бір артықшылығы – ол бір мәрте ғана салынады және төмен градуста бірнеше ай сақтауға болады. Енді бірлестік АҚШ-та өз вакцинасын тіркеуге өтініш жасағалы жатыр.

Полл Стоффелс, Johnson & Johnson компаниясының бас ғалымы:

– Бұл екпені 2-8 градуста үш айға дейін сақтауға болады. Яғни оны әлемнің кез келген еліне қауіпсіз жеткізе аласыз. Бізде вакцинаны көп мөлшерде шығаруға да мүмкіндік бар. Биыл миллиард доза өндіруді көздеп отырмыз.

Сондай-ақ...